
2022 жылғы 28 қыркүйекте ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік және жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қолдау тапты.
Заң жобасы Үкіметтің 2021 жылға арналған заңнамалық жұмыс жоспарына сәйкес әзірленген және көлік саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.
Жоба жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында көлік құралдарының салмағы мен габариттерін өлшейтін автоматтандырылған станцияларды енгізуді, әуе тасымалдарын мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыруды, сондай-ақ халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын тәжірибесін және азаматтық авиация саласындағы басқа халықаралық ұйымдардың талаптарын, оның ішінде Еуропалық Одақтың алдыңғы қатарлы авиациялық талаптарын ұлттық заңнамаға енгізуді көздейді.
Сондай-ақ жобада 2007 жылғы апатты жою туралы Найроби халықаралық конвенциясының нормаларын іске асыру көзделген, 2019 жылғы 25 шілдедегі «Бақытты бала – Бақытты ана – Бақытты отбасы-Бақытты ел» жол картасына сәйкес жолаушылардың жекелеген санаттарына қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлеу бойынша жеңілдіктер беру және теміржол көлігіндегі апаттарды, авариялар мен теміржолда орын алған оқиғаларды, кемелердегі авариялық жағдайларды тергеп-тексерудің тиімділігін арттыру көзделген;
Заң жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасының 7 Кодексі мен 19 Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылған.