Вице-министр А. Ыдырысов ресейлік және беларустық әріптестеріне жүк тасымалдаушыларға арналған рұқсаттама құжаттары туралы айтты

Вице-министр А. Ыдырысов ресейлік және беларустық әріптестеріне жүк тасымалдаушыларға арналған рұқсаттама құжаттары туралы айтты

20-21 қыркүйек күндері Алматыда өткен Көлік апталығы аясында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов Ресей көлік министрінің орынбасары Дмитрий Зверевпен Беларусь Республикасы көлік және коммуникация вице-министрі Сергей Дубинге халықаралық жүк тасымалдау саласында туындап отырған мәселелерді бірлесіп талқылауды ұсынды.

Үшжақты кездесу барысында А. Ыдырысов ресейлік және беларустық әріптестеріне тіркемелі жолмен әрі шамадан тыс жүктемемен тасымалданатын жүктерді жеткізу кезінде шетелдік тасымалдаушыларда тиісті үлгідегі екі рұқсат бланкісі болуы қажеттігі туралы қазақстандық тараптың талабы жайында кеңінен мәлімет берді. Вице-министр бұл халықаралық норма екендігін және ол қазақстандықтармен қоса әлемнің барлық мемлекеттерінің жүк тасымалдаушыларына қолданылатынын айтты.

Өзара түсіністік жағдайында өткен кездесу барысында тараптар осы бағыттағы қарым-қатынастарды дамытудағы заманауи тенденцияларға да назар аударды.

Жүктерді үшінші елден шамадан тыс жүктемемен тасымалдау кезінде шетелдік тасымалдаушылар тарапынан шарттар жүйелі әрі жиі бұзылып жатқаны туралы бұдан бұрын хабарланған болатын. Осыған сәйкес, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ҚР Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп үшінші елдерден шамадан тыс жүктемемен әкелінетін тауарларға рұқсаттама беру жүйесін қолдану ережесі мен оны тасымалдаушыларды қадағалауы туралы ескертпені қызығушылық танытқан құзырлы органдар мен шетелдік ұйымдарға жіберді.

 «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен ішкі заңнамасына орай аталған жолмен жүк тасымалын жүзеге асыру барысында шетелдік тасымалдаушыда өзімен бірге тиісті үлгідегі екі рұқсат бланкісі болуы керек. Бірінші бланкіні тасымалдаушыға шекаралық терминалға дейін жүк жіберген тарап береді. Ал екінші рұқсат бланкісі тіркемелі жолмен енгізілген жүктерді терминалда тиелген кезде беріледі. Ол рұқсаттама құжаты тиісті жүк Қазақстан аумағына енгенше жарамды болып табылады», делінген жолданған құжатта.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі