
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде мекеме басшысы Бейбіт Атамқұлов АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уильям Х.Мозермен кездесу өткізді. Кездесу барысында 2019 жылдың желтоқсан айының соңында қол қойылған «ашық аспан» бойынша келісімді әрі қарай іске асыру мәселелері талқыланды. Тараптар Қазақстанның индустриялық секторына технологиялық жобалар тарту қажеттігі жөнінде келісті. Сондай-ақ бірлескен компаниялардың сатып алулары кезінде жергілікті тауарлар мен қызметтер үлесін арттыру жайы сөз болды.
Иордания Хашимиттік Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Юсуф Әбделғанимен кездесуде Қазақстан мен Иордания арасында тікелей әуе рейсін ашу мүмкіндіктері қаралды. Сондай-ақ индустриялық аймақтар бойынша және екі елдің қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары арасындағы ынтымақтастық жөнінде талқылады.
Қазақстан-Катар бірлескен комиссиясының 5-отырысы аясында Катар Мемлекетінің Сауда және индустрия министрі Али бен Ахмед Кауаримен кездесу болды. Көлік логистикасы, азаматтық авиация, әскери-техникалық ынтымақтастық, өнеркәсіп және жер қойнауын пайдалану салаларындағы перспективалық жобалар талқыланды.