
2020 жылдың 15 ақпанында Норвегияда Өндіруші салалардың ашықтық бағдарламасы конференциясы аясында Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Руслан Баймишев норвегиялық компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді.
Атап айтқанда, «Scatex Solar» вице-президенті Анн-Мари Лилллейордпен Қазақстанда күн электр станцияларын салу перспективалары талқыланды. Компания жақын арада қазақстандық нарыққа шығу мүмкіндігін қарастыруда. Норвегия-Қазақстан Сауда-өнеркәсіп палатасының бас директоры Александр Хрольмен кездесу барысында сутегі алу мақсатында Қазақстанның көмір кен орындарын экологиялық игеру мәселелері қаралды. «BTG Solenergy AS» компаниясының атқарушы директоры Питер Сорлиемен Қазақстанда көмірқышқыл газының нөлдік шығарындылары бар технология негізінде көше жарықтандыру жүйесін құру мүмкіндігі талқыланды.
Сонымен қатар, «AF Gruppen» көп бейінді концернінің директоры Мортен Мидтскогпен кездесу өтті, ол қазақстандық тарапқа кез келген күрделіктегі өнеркәсіптік және азаматтық объектілер мен құрылымдарды бөлшектеу, сондай-ақ құрылыс материалдарын кәдеге жарату, қайта өңдеу және қайта пайдалану саласында (95-97% - ға дейін) жоғары экологиялық қызметтер мен технологиялар ұсынатын туралы хабардар етті. «AF Gruppen» 3 млрд.евро жылдық айналымымен Скандинавиядағы өз профилінің жетекші компаниясы болып табылады.
Норвегиялық компаниялардың өкілдері жақын арада Қазақстанға келуге ниет білдірді.