
2020 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін дамытудағы Ақтау және Құрық теңіз порттарының рөлі» тақырыбында Ақтау және Құрық порттарына барып, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің көшпелі отырысы болды.
Отырысқа Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму Вице-министрі Б. С. Камалиев қатысты.
Көшпелі отырыс Қазақстаннның транзиттік әлеуетін дамыту бойынша парламменттік тыңдаулар дайындық шеңберінде өткізілді. Отырысқа ҚР ҰҚК Шекара қызметінің, кеден органдарының, «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ, «Kazlogistic» Қазақстан көлік Одағы және т. б. өкілдері қатысты.
Отырыс барысында қатысушылар Ақтау портының, Солтүстік терминалдың және Құрық портының қызметімен танысты.
Сондай-ақ сауда флотының тапшылығы және оның бәсекеге қабілеттілігі, танкерлерге қызмет көрсету үшін кеме қатынасы қызметтерін қайта реттеу, РФ ішкі су жолдары арқылы ашық теңіздерге кемелердің транзиттік өтуі және Транскаспий бағытындағы транзиттік жүктерді ауыстырып тиеу көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретін олардың шешімдері бойынша жоспарланған шаралар бойынша проблемалық мәселелер талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша порттарды одан әрі дамыту және порттарға қосымша жүк ағындарын тарту бойынша ұсыныстар әзірлеу, оларды парламенттік тыңдауларда талқылау және қабылдау шешілді.