Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Cleantech Latvia қоғамымен және Өзбекстан инженерлер қауымдастығымен кездесті

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Cleantech Latvia қоғамымен және Өзбекстан инженерлер қауымдастығымен кездесті

ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Әзімбек Пазылбекұлы Cleantech Latvia қоғамының және Өзбекстан инженер-кеңесшілер қауымдастығының өкілдерімен кездесу өткізді. Онлайн режимде өткен іс-шараға сумен жабдықтау ұйымдары мен жобалау және құрылыс саласындағы мамандар қатысты.

Кездесу барысында Сәулет, сумен жабдықтау және су бұру, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензиялау мәселелері, сондай-ақ елордада тақырыптық халықаралық форум өткізу туралы бастама талқыланды. Іс-шара қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы шешім қабылданды.

Айта кетерлігі, елордада «Өнеркәсіптік сарқынды суларды өңдеу» пилоттық курсының ашылуы өтті. Іс-шараны Cleantech Latvia және ҚР сумен жабдықтау мен су бұру бойынша кәсіпорындар қауымдастығы ұйымдастырды. Бұған дейін латвиялық компания Шымкент қаласында да курс өткізген болатын.