«Абай шығармалары – әдептілік бастауы» тақырыбында дәріс өткізді

«Абай шығармалары – әдептілік бастауы»  тақырыбында дәріс өткізді

Бүгін 10 тамызда «Абай күні» құрметіне ҚР ИИДМ Көлік комитетінің «Нұр-Сұлтан қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында Министрліктің Әдеп жөніндегі уәкілі Тансила Мұздыбекова «Абай шығармалары – әдептілік бастауы» тақырыбында дәріс өткізді.

Дәрістің негізгі мақсаты Абай Құнанбайұлының шығармаларындағы жоғары адамгершілік және моральдық қағидаттарды оқу арқылы мемлекеттік қызметшілердің рухани дамытылуына, білім мен ғылымға ұмтылуына, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің нығайтылуына, жемқорлықтың алдын алу мен жойылуына бағытталды.