
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Ашық сағат алаңы» жобасының онлайн кездесулер кестесін айдың соңына дейін жариялайды. Сондай-ақ әрбір кездесу туралы ақпарат әлеуметтік желідегі парақшаларында күн сайын хабарланады www.facebook.com/industry.gov, www.instagram.com/miir_rk. Оларға сілтемелерді министрліктің телеграм-каналынан табуға болады https://t.me/miirkz.
«Ашық сағат алаңы» жобасы ағымдағы жылдың шілде айында министр Қайырбек Өскенбаевтың бастамасымен түрлі түйткілді мәселелерді талқылау, сондай-ақ ИИДМ-нің жан-жақты қаралған және зерделенген жоспарлары мен шешімдерін қабылдау үшін құрылған болатын. Жоба аясында ZOOM арқылы министрліктің жауапты қызметкерлері мен сарапшылары, кәсіпкерлері, азаматтық қоғам және БАҚ өкілдері арасында тұрақты тақырыптық кездесулер ұйымдастырылады.
Жоба «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруға, ведомство қызметкерлерінің қоғаммен кері байланыс орнатуға және мүдделі азаматтарды өзекті жалпыұлттық міндеттерді талқылауға тарту үшін бағытталған.