
Кеңес отырысында 5 негізгі мәселе қаралды. Оның ішінде 2020-2025 жылдарға арналған ҚР Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын толық іске қосу үшін кейбір заңнамалық актіге толықтырулар енгізу мақұлданды. Аталған толықтырулар қолдау шараларын қарастырады. Мемлекеттік қолдау шаралары мен оларды беру шарттары өзектендіріледі. Оған қоса, Қазақстан аумағында дамыу перспективасы жоқ, бірақ жергілікті тауар өндірушілерге қажетті стратегиялық шикізат тізімі құрастырылады. Сол тізімді басшылыққа ала отырып, ұлттық органдардан жоғары деңгейде кедендік мөлшерлемелелерді төмендету бағытында шетелдік ұсыныстар қарастырылады.
Осы бағытта «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ несиелендіруді қарастыратын жоба талқыланды. Оны іске асыру арқылы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының негізгі қорларын жаңарта отырып, ұлттық экономиканы әрі қарай жаңғыртуға және әртараптандыруға елеулі үлес қосуға болады.
Сонымен қатар, мемлекеттік қорғаныс тапсырысы аясында ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу мерзімдерін оңтайландыру жөнінде толықтырулар қаралды. Қазіргі Ереже бойынша мұндай жұмыстарды атқару 2 жылға жуық уақытқа созылады. Мамандардың айтуынша, бұл кезеңде іске асырылатын ғылыми зерттеулер өзектілігін жоғалтады.
Кеңес отырысында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңын іске асыру мәселелері қарастырылды. Жаңа заң аталған саладағы бірқатар мәселені шешуге бағытталған. Оның ішінде көппәтерлі тұрғын үйді кондиминиум объектісі ретінде тіркеу тәртібін реттеу және оңтайландыру, пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің үйді басқарудағы құқығын қамтамасыз ету, басқарушы компания қызметін реттеу, ортақ мүлікке күрделі жөндеу жүргізудің жаңа тетігін енгізу, ғимараттың функционалдық мақсатын өзгерту және қайта жабдықтау кезінде тұрғындардың келісімін алу сияқты мәселерді реттеу, лифтілерді қауіпсіз пайдалану үшін ұлттық стандарттар пайдалану, бұл бағытта қызмет көрсететіндерді аттестаттау және саланы цифрландыру сияқты мәселелер бар. Осыған байланысты аталған заңды іске асыру аясында Министрлік 2020 жылғы ақпан-наурыз айларында 20 нормативтік-құқықтық актіні бекітуді жоспарлап отыр, оның ішінде ҚР Үкіметтің 3 қаулысы, Министрліктің 17 бұйрығы бар.
«Қазақстан 2050» стратегиясын, «Цифрлы Қазақстан», 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Министрлік келесідей басым бағыттарды шешу мақсатында бірқатар тұжырымдамалық шаралар әзірледі:
- жолаушылар мен жүктердің облысаралық және халықаралық тұрақты емес автомобиль тасымалын диспетчерлеудің бірыңғай жүйесін енгізу. Бұл өзгеріс жолаушылар тасымалында пайдаланылатын, спутниктік навигация аппаратымен (GPS) жабдықталған барлық автокөлік құралдары қозғалысына орталықтандырылған бақылау жасауды көздейді;
- ауыр жүк көліктердің қарқынды жүруінен автожолдардың мерзімінен бұрын бұзылуының алдын алу шараларын қабылдау. Бұл мақсатқа тәулік бойғы режімде көлік құралдарының салмағы мен габаритін өлшеп отыратын автоматтандырылған стансалар желісін құру ұсынылады. Мұндай стансаларды республикалық және жергілікті маңыздағы автожолдарда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өткізу тіректерінде және әрбір елдімекенге кіреберісте орнатып, барлық көлік ағынын толық қамтуды қарастырады.
Кеңесте қаралған мәселелердің барлығы тиісті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу арқылы іске асырылады.


