
«Алсеко» акционерлік қоғамы ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің қолдауымен арнайы ақпараттық орталықты іске қосты. Аталған орталық ОСИ, қарапайым серіктестік және пәтер иелері кооперативтері төрағаларына олардың қызметіне қатысты мәселелер бойынша, сондай-ақ тұтынушыларға ақпараттық және консультациялық қолдау көрсететін болады.
Акционерлік қоғам Комитеттің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық секторында бірыңғай цифрлық экожүйені құру бойынша серіктесі болып табылады. Комитет төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол әріптестерін орталықтың ашылуымен құттықтап, "Е-Шаңырақ" сияқты жобаларды дамытудың маңыздылығын атап өтті.
«Цифрлық экожүйе шағымдар мен өтініштерді жіберу мүмкіндігі есебінен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Меншік иелері ақпараттандыру объектілері арқылы үйді басқаруға қатыса алады, сондай-ақ үйдегі барлық жұмыс бойынша ашық деректерге қол жеткізе алады», — деп атап өтті төраға орынбасары.
Анықтама үшін: "Е-Шаңырақ" жобасы бюджеттік қаржыландырусыз, жеке бастама бойынша іске асырылды. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шартының болжамды қолданылу мерзімі — 10 жыл. Қазіргі уақытта жүйе «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ серверлік орталығында орналасқан және пайдалануға берілді.
Негізгі функциялары:
1) коммуналдық инфрақұрылым бойынша нарықтық қосымшалармен, СЕМ (Customer Experience Management) жүйелерімен, есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін жинау бойынша жергілікті атқарушы органдардың жүйелерімен, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграциялану;
2) деректерді жинау және сақтау;
3) алынған ақпаратты талдау және даму бойынша болжамдар әзірлеу.