QazIndustry Индустрия 4.0 тақырыбында өнеркәсіптік кәсіпорындарға арналған вебинарлар топтамасын бастайды

QazIndustry Индустрия 4.0 тақырыбында өнеркәсіптік кәсіпорындарға арналған вебинарлар топтамасын бастайды

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің CDO қолдауымен өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері мен топ-менеджерлерін цифрлық трансформация және Индустрия 4.0 бағыттары бойынша тегін өтетін оқу вебинарларына қатысуға шақырады. Вебинарлар 16 тамыз - 30 қыркүйек аралығында өтеді.

Оқу вебинарларының негізгі мақсаты — Индустрия 4.0 тұжырымдамасы туралы түсінік қалыптастыру, цифрлық технологиялар енгізу, сараптамалық пікір алу және цифрлық трансформация құралдарын қолданудағы өнеркәсіптің өзекті мәселелерін талқылау, сондай-ақ, өнеркәсіпті цифрландыру бағыты бойынша мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы толық ақпарат беру.

Вебинарлар барысында халықаралық және отандық компаниялардың өкілдері өндірістік ортаға цифрлық шешімдер енгізу тәжірибесімен бөлісіп, табысты кейстері мен нәтижелері туралы айтады.

Оқу мастер-кластары бейнеконференция форматында Zoom платформасында өтеді. Вебинарларға тіркелу үшін https://forms.gle/1TAEBJjadYSK6MFL9 сілтемесі бойынша кестені толтыру қажет.