
2020 жылғы 27 қаңтарда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде Салалық мәселелер бойынша кеңестің кезекті отырысы өтті.
Жиында бірқатар мәселе қаралды. Алғашқысы тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту бойынша кейбір заңдарға толықтырулар енгізу жөнінде болды. Бұл толықтырулар Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес әзірленген.
Аталған толықтырулар активтерді біріктіруге және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ тұрғын үй блогын Бірегей оператор етіп қайта құрылымдауға бағытталған. Бұл өзгерістер нарық шарттарына сай капитал тартуға, жергілікті атқарушы органдар мен жеке үй салушылар үшін қаражат құнын төмендетуге, оның ішінде субсидиялау мен кепілдендіру тетіктерін пайдалануға мүмкіндік береді. Тұрғын үй кластерінде «Бірегей оператор» жаңа институтын құру тұрғын үй құрылысы саласында үлестік қатысу тетіктерін өзгертуге әкеледі.
Кеңес отырысында сондай-ақ, әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде радиоалмасу фразеологияларын өзгерту жайы қаралды. Атап айтқанда, ұшуларды орындау фут пен мильге көшуіне байланысты экипаж бен әуедиспетчері арасында радиоалмасу фразеологиясында өзгерістер болады. Әуе қозғалысына қызмет көрсету барысында әуе кеңістігі құрылымына жаңа элементтер енгізіледі. Тиісінше ол радиоалмасу фразеологиясын Азаматтық аиация халықаралық ұйымының құжаттарына сәйкестендіруді талап етеді.
Сонымен қатар, жиында магистарльдық теміржол желісін және жылжымалы құралды дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды регламенттеу талқыланды. Және еліміздің су жолдарында кемелердің жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Мақсаттылығы туралы тиісті сараптама жасау арқылы су объектілерін кеме жүзуге болатын санатқа жатқызу тәртібін анықтау» жайы сөз болды.
Аталған мәселелердің барлығы Министрлік деңгейінде тиісті нормативтік-құқықтық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу арқылы іске асырылады.
