
2020 жылғы 22 қаңтарда Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов «SUEZ Group» компаниясының аға вице-президенті Тимотэ Каржиль бастаған делегацияны қабылдады.
Тұрмыстық және өнеркәсіптік ақпасуларды тазарту жөнінен әлемдік көшбасшы саналатын компания Қазақстанда аталған саладағы жобаларға қызығушылық танытып отыр. Кездесу барысында Тимотэ Каржиль «SUEZ Group» компаниясы еліміз аумағында кәріздік тазарту тоғандарын салу және қайта жаңғырту жобаларын іске асыруға қатысу мүмкіндіктерін қарастыратынын жеткізді.
Кездесуде тараптар компанияның жобаны іске асырудағы ықтимал құрылымын талқылады. «SUEZ Group» өкілі ашық байқауға қатысуға да, ерекше техникалық, коммерциялық және қаржылық шарттарды қоса алғанда, өзіндік ұсыныстарын жасауға да дайын екендерін алға тартты.
Қорытындысында «SUEZ Group» компаниясы жақында өздерінің жобаға қатысуы туралы жоспарымен таныстыратын болып келісті.