ҚР ИДМ басшысы Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездеседі

ҚР ИДМ басшысы Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездеседі

Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездеседі. Кездесу 2 маусымда Орал қаласында және 3 маусымда Атырау қаласында өтеді. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев орталық атқарушы органдардың басшылары халықпен кездесулер өткізуі туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Көзделген негізгі мақсат – елде жүргізіліп жатқан шаралар мен реформалардың мән-мағынасын халыққа түсіндіріп, тұрғындарды ақпараттандыру деңгейін одан әрі арттыра түсу, сонымен бірге азаматтардың мәселелерін жедел шешіп, атқарушы органдардың халық алдындағы жауапкершілігін күшейту болып табылады.

«Біз ел тұрғындарын толғандыратын мәселелерді талқылауға әрқашан дайын екенімізді ерекше атап өткім келеді. Сәйкесінше, осындай форматтағы кездесулер халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуда маңызды құрал деп санаймын», – деп жазды министр.