
Бүгін ҚР ИИДМ-де Кадр қызметі департаменті мен ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы бірлесіп ұйымдастырған, тиімді коммуникациялар дағдырлары бойынша тренинг өтті. Мемлекеттік қызметші күнін мерекелеуге арналған іс-шара корпоративтік мәдениетті, коммуникациялық дағдыларды, шығармашылық және креативтік қабілеттерін нығайтуға ықпал ететін дәстүрлерді қалыптасу мақсатында ұйымдастырылды.
Бизнес-тренер, ментор, «Бәйтерек» Холдингі Қоғамдық Кеңесінің мүшесі Шолпан Жакитова Министрліктің қызметкерлерімен өз білімімен бөлісті. Академияның спикері іскерлік тиімді коммуникацияларды құру мәселелері туралы айтты.
Тренинг қатысушыларының айтуы бойынша, қазіргі уақытта мемлекеттік қызметте коммуникациялық менеджмент мәселелері айрықша маңызға ие болып отыр. ҚР Президенті жарияланған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында халықпен және азаматтық қоғаммен тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларының да маңыздылығы күн санап артуда.