ҚР ИИДМ басшысы Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді

ҚР ИИДМ басшысы Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді

Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қарағанды облысының тұрғындарымен кездеседі. Кездесу 4 мамырда Қарағанды қаласында өтеді. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев орталық атқарушы органдардың басшылары халықпен кездесулер өткізуі туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Көзделген негізгі мақсат – елде жүргізіліп жатқан шаралар мен реформалардың мән-мағынасын халыққа түсіндіріп, тұрғындарды ақпараттандыру деңгейін одан әрі арттыра түсу, сонымен бірге азаматтардың мәселелерін жедел шешіп, атқарушы органдардың халық алдындағы жауапкершілігін күшейту болып табылады.

«Біз ел тұрғындарын толғандыратын мәселелерді талқылауға әрқашан дайын екенімізді ерекше атап өткім келеді. Сәйкесінше, осындай форматтағы кездесулер халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуда маңызды құрал деп санаймын», – деп жазды министр.