
ҚР ИИДМ Қоғамдық коммуникациялар департаментінің негізгі міндеті – Министрліктің құзіретіне кіретін салаларды нығайту, одан әрі дамыту мақсатында қабылданған іс-шаралар туралы халықты уақытылы және сапалы ақпараттандыру болып табылады.
Қабылданған іс-шаралар мен жаңалықтар туралы халықты уақытылы хабардар ету мақсатында арнайы медиа-жоспар қабылданып, ай сайын жаңартылып отыратын іс-шаралар жоспары әзірленген.
Жыл басынан бері ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында және ведомствоның баспасөз орталығында 11 брифинг ұйымдастырылған.
Сонымен қатар, республикалық телеарналарда министрлік өкілдерінің қатысуымен 30-дан астам бағдарлама мен ток-шоу ұйымдастырылды. Олардың қатарында, «Күн тәртібі» және «Күндізгі ауысым», «Ашық алаң», «Басты жаңалықтар» бағдарламалары бар. Сондай-ақ жаңалықтарға арналған 50-ден астам сұхбат ұйымдастырылды.
Ақпараттық агенттіктер мен баспа басылымдарында министрліктің қызметі туралы 150-ден астам мақала мен талдамалық ақпараттар жарияланған. Сонымен бірге автожол құрылысы жобалары бойынша 4 баспасөз турлары жүзеге асырылған.
Жыл басынан министрлікке 7919 өтініш келіп түсті, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 9,9%-ға артық. Өтініштердің басым бөлігі тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, өнеркәсіп, автомобиль, темір жол және көлік бақылау мәселелері, азаматтық авиация және ұшу қауіпсіздігі, жол құрылысы және сапасы, жер қойнауын пайдалану және басқа да мәселелер төңірегінде болды.
5 айдың ішінде электрондық Үкімет порталы арқылы 1850, «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы 5709 өтініш келіп түссе, қағаз түрінде түскен өтініштердің саны – 360.
Президент Жарлығының аясында өңір тұрғындарымен кері байланыс орнату мақсатында министрліктің бірінші басшыларының өңірлерге баруы бойынша арнайы кесте әзірленген болатын. Осылайша, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Атырау, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарына жұмыс сапарымен барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Осылайша, 42 қабылдау өткізіліп, олардың қорытындысы бойынша 2 мәселе оң шешімін тапты. Сонымен бірге, 97 мәселе бойынша түсініктеме беріліп, 7 мәселе қаралуда.
Айта кетерлігі, 1 қаңтардан бастап Министрдің ресми блог-платформасына 598 өтініш келіп түскен. Бүгінгі таңда 512 өтінішке жауап беріліп, 43 өтініш қаралып жатыр.
Осы ретте, Министрліктің барлық жаңалықтары ведомствоның ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында пост, инфографика және бейнероликтер түрінде жарияланатынын айта кеткен жөн.
Ведомствоның 2021 жылғы қызметін бағалау қорытындысы туралы айтатын болсақ, ҚР ИИДМ-ге «Шағымдар мен арыздарды қарау сапасы» бағыты бойынша ықтимал 100 балдан 56,43 балл берілді. 2020 жылы бұл көрсеткіш 34,46 балды құраған болатын. Аталған бағыт келесі өлшемдер бойынша бағаланды: шағымдар мен арыздарды қарау мерзімдерін сақтау, сот шешімімен негізделген (сотпен қанағаттандырылған) шағымдар мен арыздардың үлесі, шағымдар мен арыздарды қайта жолдау мерзімдерін сақтау, шағымдар мен арыздарды қарау сапасына ішкі бақылау, қайта келіп түскен негізі бар шағымдар мен арыздарды қарау және т.б.
Сондай-ақ, "Мемлекеттік органның ашықтығы" бағыты келесі критерийлер бойынша бағаланды: ашық деректер (94,4%), ашық бюджет (100%), ашық нормативтік құқықтық актілер (100%), ашық диалог (83%), ресми интернет-ресурстың толықтырылуы (97,2%) және тағы басқалар.