
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Тегеранның Имам Хомейни атындағы халықаралық әуежайы маңында "Международные авиалинии Украины" әуе компаниясының жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтады.
Апат кезінде қаза тапқан жолаушылар мен экипаж мүшелерінің туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтаса отырып, осындай ауыр сәтте сабырлыққа шақырады.