
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар-кеңес өтті.
Онлайн форматта ұйымдастырылған шараға ведомствоға қарасты комитет, аумақтық бөлімшелер мен квазимемлекеттік сектордың басшылары және ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері қатысты.
Басқосуда «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 үлгілік базалық бағытының міндеттерін ұйымдастыру және іске асыру тетіктері талқыланды. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жалпы превенция мәселелері таразыланды.