
Жаңа жыл қарсаңында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қызметкерлері Ақкөл қаласындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық акциясын өткізді.
Акция аясында балалар үйіне бағалы сыйлықтар (қажетті тұрмыстық техника) және сыйлық жинақтары берілді. Ведомство басшылығы балаларды келе жатқан мерекемен құттықтап, денсаулық, бақыт, махаббат тіледі.
Аталған қайырымдылық акциясының мақсаты – атаулы көмек көрсету, балаларға жылу, махаббат сыйлау, көңіл бөлу және жақсы көңіл-күй сыйлау.
Өз тарапынан балалар үйінің тәрбиеленушілері қонақтарды өздері тұратын, оқитын, бос уақытын өткізетін тұрмыспен таныстырды. Сонымен қатар балалар мерекелік концерт ұйымдастырды.