
Әлеуметтік маңызы бар бағыттардың көліктік қолжетімділігін қамтамасыз ету және ішкі туризмді дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті жыл сайын республикалық бюджет қаражатынан субсидияланатын авиамаршруттарға немесе мәслихаттардың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттер туралы шешімдерінің негізінде конкурс өткізеді.
Ағымдағы жылдың 19 желтоқсанында 7 ішкі авиамаршрут бойынша 2020 жылы субсидияланатын авиамаршруттарға қайта конкурс өткізілді.
Конкурс қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
"SCAT" авиакомпаниясы " АҚ келесі бағыттыр бойынша:
1) Нұр-Сұлтан – Тоқио - Нұр-Сұлтан;
2) Қарағанды – Қызылорда - Қарағанды;
3) Көкшетау – Ақтау - Көкшетау;
"Южное небо" Авиакомпаниясы " АҚ келесі бағыттыр бойынша:
1) Алматы – Балқаш - Алматы;
2) Нұр-Сұлтан – Үржар - Нұр-Сұлтан;
3) Алматы – Үржар - Алматы;
4) Нұр-Сұлтан – Балқаш - Нұр-Сұлтан.
Ағымдағы жылдың 23 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысының (ШҚО) жергілікті атқарушы органдарының бюджетінен 2020 жылы 2 ішкі авиамаршрут бойынша субсидияланатын авиамаршруттарға қайта конкурс өткізілді.
Қайта конкурстың қорытындысы бойынша келесі жеңімпаз анықталды:
"Южное небо" Авиакомпаниясы " АҚ:
1) Өскемен – Семей – Үржар - Семей – Өскемен;
2)Өскемен – Зайсан - Өскемен.
2019 жылы 20 желтоқсанда Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының бюджетінен субсидияланатын авиамаршруттарға конкурс өтпеді деп анықталды. Ағымдағы жылдың 30 желтоқсанында келесі авиамаршрут бойынша қайта конкурс жарияланды:
1) Талдықорған-Үшарал-Талдықорған.