
ҚР ИИДМ Көлік комитеті қызметінің басты бағыттарының бірі өз қатарында сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу болып табылады. Қабылданған шаралар нәтижесінде көліктік бақылау органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының төмендеу үрдісі бар. Мәселен, егер 2017 жылы сыбайлас жемқорлық 13 қызметкер, 2018 жылы ‒ 14, бүгінгі күні мұндай құқық бұзушылар саны 3.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы жүргізушілер тарапынан қызметкерлерге пара беру фактілері бойынша 5 қылмыстық іс қозғалды. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік көрсеткен қызметкерлер марапатталды.
Осы оң серпінге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын бұзуға жол бермеу бойынша жұмыс нәтижесінде, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі министрліктің іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде қол жеткізілді. Ағымдағы жылы жоспарға сәйкес 12 іс-шара іске асырылды.
Негізгі іс-шаралар жоспарының 1 тармағына сәйкес нақты уақыт режимінде Комитетке деректерді автоматтандырылған түрде бере отырып, таразы жабдығын қолдану енгізілді. Осы мақсатта 38 таразы жабдығы сатып алынды. Олардың көмегімен ахуалдық орталық бекеттерде АТС өлшеудің сапасын нақты уақыт режимінде бақылауды жүзеге асырады. Бұл инспекторлар тарапынан өкілеттіліктің артуын болдырмауға мүмкіндік береді.
Іс-шаралар жоспарының 2 тармағына сәйкес 2019 жылғы сәуірде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды, онда көліктік бақылау органдарының көлік құралдарын тоқтату негіздерінің толық тізбесі белгіленді, бұл тасымалдаушылардың Көліктік бақылау инспекция инспекторларымен тікелей байланысын азайтуға мүмкіндік береді. Заңда сондай-ақ инспекторлардың бақылауды жүзеге асыру кезінде видеожетондарды міндетті түрде қолдануы көзделген. Қазіргі уақытта барлық қолданыстағы көліктік бақылау бекеттері бейнетондармен жабдықталған.
Жоспардың 6-тармағын орындау үшін ҚР Қаржы министрлігі ҚР аумағы арқылы транзит кезінде тауарлар мен көлік құралдарын бақылау жүйесін пилоттық режимде іске қосады. Қазіргі уақытта навигациялық пломбалар бойынша заңнамаға түзетулер ҚР Президенті Әкімшілігінде келісуден өтуде.
Іс-шаралар жоспарының 7-тармағын орындау шеңберінде Комитет үнемі инспекциялар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді. Өткен кезеңде Алматы қаласы, Маңғыстау, Түркістан және Ақмола облыстары бойынша 4 инспекцияның қызметіне талдау жүргізілді. Нәтижесінде 98 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды (14 – қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту, 17 – қатаң сөгіс, 45 – сөгіс, 22 ‒ ескерту), 25 – жауапкершілікті қарастыру сатысында.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша әлсіз жұмыс үшін ағымдағы жылы тәртіптік жауапкершілікке 10 ИТК басшысы (БҚО, ШҚО, Атырау, Қызылорда, Жамбыл және Алматы облыстары, Алматы қ.және Нұр-сұлтан Қ.) тартылды. ИТК (Маңғыстау, Ақмола) 2 басшысының жауапкершілігі қарастырылуда.
Сонымен қатар, «Айқын бағыт» жобалық кеңсесі құрылды. Кеңсенің негізгі міндеттері көлікті және көліктік бақылауды автоматтандыру, цифрландыру (өлшеудің автоматтандырылған жүйесін енгізу; халықаралық және облысаралық жолаушылар тасымалдарын бақылауды және мониторингті автоматтандыру; «Тахограф» сервистік бағдарламалық өнімі; «рұқсат беру құжаттарын басқару және тасымалдар мониторингі» ақпараттық жүйесі; ұлттық көлік моделі; мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бизнес-процестерін автоматтандыру; "ҚТЖ "ҰК" АҚ АЖ-ға қолжетімділікті алу; Е-ТТН; Е-жол парағы) болып табылады.
Жалпы, осы бағыттағы жұмыстар жалғасып, Комитеттің тұрақты бақылауында болады.

