
Техникалық байқау операторларының қызметі жол қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.
Бүгінгі таңда, ҚР ИИДМ Көлік комитеті техникалық байқау орталықтарында Көлік құралдарын нақты тексермей техникалық байқау жүргізу бойынша өз қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ бұзылған мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді немесе "қарақшылық" бағдарламаларын пайдаланатын техникалық байқау орталықтарын анықтау бойынша жұмыс жүргізуде. "Техникалық байқау" бірыңғай ақпараттық жүйесіне мониторинг жүргізу барысында Көлік комитеті бірыңғай ақпараттық жүйе операторымен бірлесіп осындай 69 орталықты анықтады.
Бүгінгі күні аталған орталықтарға техникалық байқау нәтижелерінің деректерін бірыңғай ақпараттық жүйеге енгізу тоқтатылды. Сонымен қатар, бағдарламалық қамтамасыз етудің осалдығын анықтау бөлігінде мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеушілермен жұмыстар жүргізілуде.
Бұдан басқа, міндетті техникалық байқау саласында жосықсыз жарнаманы анықтау бөлігінде жарнама сайттарына мониторинг жүргізіледі. Бұл жарнама берушілер Ресей Федерациясы, Армения Республикасы, Қырғыз Республикасы және т. б. басқа мемлекеттерде тіркелген отандық көлік құралдарына да көлік құралдарына техникалық тексеру жүргізбестен диагностикалық карталарды беру бойынша қызметтер көрсетеді.
Мұндай диагностикалық карталар Көлік құралдарын тексерудің өзі болмауына байланысты жарамды емес.
Техникалық байқау орталықтарынан тыс диагностикалық карталарды алу не белгісіз адамдардан сатып алу жол-көлік оқиғалары, адамдардың өлімі, жарақаттануы немесе азаматтардың материалдық құндылықтарына зиян келтіру сияқты қайтымсыз салдарларға әкеп соғуы мүмкін.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты, Көлік комитеті көлік құралдарының барлық иелерінен міндетті техникалық байқаудан өту үшін автокөлік құралдарын техникалық байқау орталықтарына беруді сұрайды. Бұл талап әрбір автокөлік иесінің міндеті болып табылады.
Қазақстан Республикасы заңнамасының барлық талаптарына сәйкес келетін техникалық байқау орталықтарының тізілімімен ҚР ИИДМ көлің комитетінің сайтында танысуға болады. www.transport.miid.gov.kz немесе "техникалық байқау" бірыңғай ақпараттық жүйесі операторының сайтында www.eisto.kz