
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті жол қозғалысы қауіпсіздігі, сапаны бақылауды арттыру, жолдарды күтіп ұстау және жолдарды жөндеу кезіндегі бағаны қалыптастыру тұрғысындағы автомобиль жолдары саласының нормативті-техникалық базасын жетілдіру бағытындағы жұмыстарды жүзеге асыруды жалғастыруда.
Осы ретте бүгінгі таңда сарапшылар «Айқын жол» және «Қателесуге мүмкіндік беретін жол» тұжырымдамаларына сәйкестігін тексеру мақсатында жол қозғалысы қауіпсіздігі стандарттарына егжей-тегжейлі шолудың кешенді шараларын жүргізіп жатыр. Зерттеушілер республикалық және облыстық маңызы бар қалаларға кіру тобы мен теміржол өткелдеріндегі қозғалыс қауіпсіздігі деңгейін арттыру мәселесін зерделеуде. Сонымен қатар, жолдарды жөндеуді тағайындау, іске асыру мен оның барысын бақылау, сондай-ақ, олқылықтардың дамуын болжау ұсынылады. Нормативтерді жетілдірудің тағы бір пункті – жол-құрылыс жұмыстарын орындау сапасын георадиолокациялық бақылауды енгізу, сондай-ақ, «Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары мен олардың бойындағы жол құрылыстарын, сондай-ақ қалалар мен елді мекендердің көшелерін орташа және ағымдағы жөндеуден өткізу, күтіп ұстау, көгалдандыру, диагностикалау және паспорттау жөніндегі жұмыстардың сметалық нормалары мен бағаларының жинағын» түзету мәселелері.
Қазіргі таңда сарапшылардың бірқатар ұсынысы бар. Осы ретте 2019 жылы нормативті-техникалық құжаттарды әзірлеу және мұндай құжаттардың 13 жобасына өзгерістер енгізу қарастырылған. Олардың арасында ақылы жолдардың коммерциялық тиімділігінің ұсыныстары және жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша іс-шараларды енгізудің тиімділігін бағалаудың әдістемелік ұсынымдары бар. Қазақстанның автожол саласының нормативтік-техникалық базасын жетілдіруге бағытталған жұмыстар одан әрі жалғастырылатын болады.

