
Бүгін күннің екінші жартысында «Еуразиялық банк» пен «Банк Центр Кредит» жеңілдетілген автонесиелеудің жаңа бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдауды бастады.
Несиелеу келесідей талаптар бойынша жүзеге асырылады: жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 4 %; несиелеу мерзімі – 10 миллион теңгеден аспайды; қаржыландыру мерзімі – 7 жылдан артық емес; алғашқы жарна көлемі – 0 %; көлік құралының құны – 15 миллион теңгеден аспайды.
Өтінім бергеннен кейін тұтынушыға таңдалған автокөліктің маркасы мен моделін ауыстыруға және кезектегі орнын өзге физикалық тұлғаның атына қайта рәсімдеуге рұқсат берілмейді. Несие алушыға өтінім расталмаған жағдайда ол электронды кезектен шығарылады және оның орны келесі қатысушыға беріледі. Аталған бағдарламаға бір адамның 2 жылда 1 рет қатысуға мүмкіндігі бар.
Төлем қабілеттігін тексеру мен автонесиені мақұлдауды серіктес банктер жүзеге асырады. Несие беру туралы өтінім мақұлданғаннан кейін өтінім берушінің әрекеті тиісті екінші деңгейлі банктің онлайн-платформасында «Өнеркәсіпті қолдау қоры» АҚ-ның қатысуынсыз қадағаланады.
Жеңілдетілген несиелеу бағдарламасына қатысу үшін қадамдық іс-әрекеттер: