ҚР ИИДМ ішкі су жолдарында 2022 жылғы навигацияның ашылғаны туралы хабарлайды

ҚР ИИДМ ішкі су жолдарында 2022 жылғы навигацияның ашылғаны туралы хабарлайды

Кемелердің қауіпсіз жүзуін қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан су жолдары» РМҚК қажетті жол жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етті. Атап айтқанда, 2 614 арнайы навигациялық белгі орнатылды.   

Бүгінгі таңда Қазақстандағы кеме қатынасы су жолдарының жалпы ұзындығы 2 104 шақырымды құрайды. Республикадағы кеме тізілімінде 781 өзен кемесі мен 18 959 шағын көлемді кеме тіркелген.

Кеме қатынасы Іле-Балқаш, Ертіс және Орал-Каспий бассейндерінің кеме қатынасы аймақтарында жүзеге асырылады. Ал негізгі жүк тасымалдары еліміздің батыс аймағында орындалады. Тасымалданатын жүктердің негізгі номенклатурасын құм-қиыршықтас қоспасы (ПГС), шағылтас, құм, көмір, қиыршықтас, әлеуметтік жүктер мен балық өнімдері құрайды.

 

Су бассейіндері мен олардың учаскелері

  1. Ертіс су бассейні

- Қара Ертіс сағасы – Приозерное айлағы

- Приозерное айл. – Құйған айл.

- Құйған айл. – Бұқтырма ГЭС-і

- Бұқтырма ГЭС-і – Өскемен ГЭС-і

- Өскемен ГЭС-і – Төменгі Лопатинский қайр.

- Төменгі Лопатинский қайр. – Төм. Азовский қайр.

- Төменгі Азовский қайр. – Шүлбі ГЭС-і

- Шүлбі ГЭС-і – Семей

- Семей – Майтүбек

- Майтүбек – Павлодар

- Павлодар – Төменгі Алексеевский

  1. Жайық-Каспий су бассейні

- Кривостарицкий жары – Т. Барбастауский жары

- Жайық-Каспий арнасы – Атырау қаласынан (орталық қалалық автожол көпірі) кіреберіс буйға дейін

- Қиғаш өзен учаскесі

  1. Іле-Балқаш су бассейні

- Қапшағай су қоймасы – Сыналау аймағы

Шығыс бағытта:

- Балқаш – Аралтөбе

- Аралтөбе – Қарақұм

Оңтүстік-Батыс бағытта:

- Балқаш – Мыңарал

  1. Гидротехникалық құрылыстар

- Шүлбі шлюзі

- Бұқтырма шлюзі

- Өскемен шлюзі