
Салтанатты жиналысты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев ашты. Жиналғандарды құттықтап, ол ұлттық мерекенің ерекше маңыздылығын және еліміздің осындай қысқа мерзім ішінде жеткен жетістіктерін атап өтті.
«Қазақстан өзінің тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда бүкіл әлемге жария етті. Содан бері біз түрлі салаларда үлкен жетістіктерге қол жеткіздік. Қазір, Қазақстан бүкіл әлемге танылып қана қоймай, енді онымен ұлы державалар санасады", - деді Қ. Өскенбаев.
Одан кейін мемлекеттік наградалармен марапаттау рәсімі өтті.
ҚР ИИДМ жауапты хатшысы Мереке Пішембаев Орталық аппарат пен ведомстволық бағынысты ұйымдардың 34 қызметкеріне "Құрмет" орденін, "Ерен еңбегі үшін" медалін табыс етті, сондай-ақ ҚР Президентінің,
ҚР Премьер-Министрінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыс етті. Мерекелік шара концерттік бағдарламамен өз жалғасын тапты.







