
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылымдық бөлімшелер мен ведомства қызметкерлері үшін «Мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиясыздандыру» тақырыбында семинар өткізді.
Аталған жиын Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиясыздандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығының негізгі ережелерін түсіндіруге бағытталды. Бюрократизацияның басты тетіктері ретінде цифрландыру, басқарушылық жауапкершілік, үздіксіз жетілдіру, оңтайлылық сынды қағидалар айқындалды.
Семинар барысында қағазбастылықтан арылудағы жүйелі және қолданбалы шаралар кешені де айтылды. Аталған іс-шараларды нақты іске асыру мемлекеттік аппаратта шешімдер қабылдау процесін жеделдетуді, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының дербестігі мен дербес жауапкершілігін арттыруды, құжат айналымы мен есептілікті қысқартуды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар жиында мемлекеттік аппараттың нормативтік және бюджеттік процестеріндегі өзгерістер мен енгізілетін жаңашылдықтар, құжат айналымын қысқарту, қызметті цифрландыру және мемлекеттік аппаратты қағазбастылықтан арылтудың тиімділігі жан-жақты түсіндірілді.
Семинарға қатысқан министрліктің салалық құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері тақырыпқа байланысты толыққанды ақпарат алды.