ИИДМ Еуропалық Парламенттен келген делегацияны қабылдады

ИИДМ Еуропалық Парламенттен келген делегацияны қабылдады

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Руслан Баймишев Еуропалық Парламенттен келген делегациямен кездесті. Делегацияны Еуропарламент көлік және туризм жөніндегі Комитетінің вице-төрағасы Андрис Америкс бастап келді.

Кездесуге сонымен бірге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Юлия Кучинская, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Кестутис Янкаускас қатысты. Отырыс барысында Транскаспий халықаралық көлік дәлізін, сондай-ақ тау-кен металлургия кәсіпорындарын дамыту перспективалары талқыланды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша екі тарап Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жетекшілік ететін салаларды одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.