
«Қазавтожол-Kaztraffic-2019» көрмесі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми қолдауымен биыл 16-ші рет өткізілмек. Жыл сайынғы шара аясында келушілер жол құрылысы, автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп ұстау салаларындағы соңғы жетістіктермен таныса алады.
Экспозицияға дәстүрге сәйкес Қазақстан, Беларусь, Ресей, Германия, Түркия, Қытай және басқа да елдердің 100-ден астам жетекші компанияларының ғылыми, техникалық зерттемелері мен өнімдері қойылады деп күтілуде.
Жол саласының мамандары тақырыптық сессияларда өзекті мәселелерді талқылайтын болады. Ал «Жол құрылысындағы инновациялық тәсілдемелер: перспективалар мен даму» конференциясы барысында жолдарды салу кезінде қолданылатын технологияларды зерттеу, жолдардың сапасы, жолдарды күтіп ұстау және жол қозғалысының қауіпсіздігі сияқты мәселелер қозғалмақ.
«Қазавтожол-Kaztraffic-2019» көрмесі 28-29 қарашада «Көрме» орталығында өтеді.