ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

«Қымбатты достар! Сіздерді Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Ғасырлар қойнауынан бастау алатын бұл мерекені халқымыз ежелден жыл басы санаған, күн мен түн теңесетін Наурыздан тек жақсылық пен ізгілік күткен.

Жаңғыру мен жаңарудың, татулық пен ынтымақтың, ырыс пен молшылық мерекесі елімізге берекелі, халқымызға ырысты болсын. Ұлыстың ұлы күні әр шаңыраққа мерейлі шаттық, мызғымас ынтымақ сыйласын! Наурыз мейрамы құтты болсын!»