
2019 жылғы 6 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында ел азаматтарының өмір сүру сапасын жақсарту, оның ішінде халықтың осал топтарын қолдау шараларын күшейту мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.
Отырысқа Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев, мемлекеттік органдар мен бастамашыл топтардың өкілдері қатысты.
Тараптар Нұр-Сұлтан қаласындағы мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үй құрылысының сапасын қарастыратын кең ауқымды мәселелерді талқылады.
"Министрлік құрылыс сапасын анықтау бойынша көп пәтерлі тұрғын үйлерді комиссиялық тексеру үшін жұмыс тобын құрды, оның құрамында Құрылыс және ТКШ істері комитеті, "Атамекен" ҰКП, Нұр-Сұлтан қ. Қалалық ортаны бақылау және сапасын бақылау басқармасы және Нұр-Сұлтан қ. Құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасының өкілдері бар", - деп атап өтті өз сөзінде Қ. Өскенбаев.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй алуға, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, көп балалы отбасылармен тең пайыздық қатынаста жеке кезекті қалыптастыру мәселелері де қаралды.
Сондай-ақ, тараптар мүмкіндігі шектеулі адамдар мен оларды алып жүретін адамдар, мүгедек балалардың ата-аналары, көп балалы аналар үшін ұсынылатын арнайы орындарды ұлғайту және авиа мен теміржол билеттерінің бағасына жеңілдіктер белгілеу мәселелерін талқылады.

