
Ағымдағы жылы 3 қарашада ауа райының күрт нашарлауына, қардың көп түсуіне, кей жерлерде 15-20 см дейін жеткен қар жамылғысы және Маңғыстау облысындағы температураның өзгеруіне байланысты, сондай-ақ жергілікті жер бедерінің ерекшелігіне және созылатын еңіс жолдар бар болғандықтан республикалық маңызы бар «Бейнеу - Атырау облысының шекарасы» автожолында кей жерлерде аздаған көктайғақ пайда болды.
«Қазақавтожол» ЖШС Маңғыстау облыстық филиалының №57 жол-пайдалану учаскесінің күшімен жолдың жүру бөлігін қардан тазалау және көктайғақ құбылыстарын жою жұмыстары жүргізілді. 8 бірлік жол-пайдалану техникасы жұмылдырылды.
Жол пайдаланушылары қысқы уақытқа автокөлік құралдарының қозғалысы үшін уақытылы дайындалмауына байланысты (қысқы шинараларды ауыстыру), 308 км автокөлік құралдарының уақытша кептелісі пайда болды. Кептеліс қысқа мерзімде жойылды.