Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар басымдыққа ие теміржолдарды инвестициялауда Дүниежүзілік банктің қолдауымен  инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. 

Сондай-ақ энергия тиімділігі, жасыл көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты қоса алғанда, Үкімет тарапынан қолға алынған шараларға қатысты мәселелер қаралды.

   «Бүгінгі таңда министрлік «Жезқазған-Қарағанды» автомобиль жолын қайта құру және Түркістан қаласын айналып өту бойынша 2 инфрақұрылымдық жобаны пысықтап жатыр. «Жезқазған-Қарағанды» жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Жоба 12 учаскеге бөлінген және 2022-2023 жылдар аралығында кезең-кезеңімен аяқталмақ", – деді ведомство басшысы.

Айта кетерлігі, ҚР ИИДМ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бағыты бойынша нақты шаралар қабылдауда. Халық үшін сапалы және энергия тұрғысынан тиімді тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру елді одан әрі дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттердің бірі болып табылады. Сондай-ақ 2022-2026 жылдарға арналған энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жол картасы әзірленуде.