Павлодар облысындағы жол учаскесінде олқылықтар анықталды

Павлодар облысындағы жол учаскесінде олқылықтар анықталды

ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының мамандары Павлодар облысындағы «Майқайың – Екібастұз» жолының сапасын тексеріп, бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады.

«Майқайың – Екібастұз»  жолы 2017 жылы пайдалануға берілген. Жоба құны – 1 млрд 563,4 млн. теңге. Жолдың  жалпы ұзындығы 18 шақырымды құрайды. Тапсырыс беруші – «Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ, мердігерлер – «Гидропром» ЖШС және «Статус Люкс» ҚК.

Атқарылған жұмыстарға қарамастан, бұл учаскелерде жолдың асфальтбетон жамылғысында жарықтар, шұңқырлар пайда болып, асфальт шытынауы байқалады.



Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының Павлодар облысы бойынша филиалының мамандары нысанға барып, жол-құрылыс материалдарын тексерді. Тексеріс барысында үстіңгі қабаттан алынған 10 сынама үлгісінің және төменгі жабын қабатынан алынған 10 сынама үлгісінің қалыңлық, тығыздалу коэффиценті, суға қанығу көрсеткіштері бойынша талапқа сай еместігі анықталды.

Барлық бұзушылық фактілері бойынша тапсырыс берушіге, мердігерге және уәкілетті органдарға бұзушылықтарды жою туралы хаттар жіберілді.