
Бұл қызметті ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы болған Еркебұлан Дауылбаев атқарады.
Дауылбаев Еркебұлан Әбілханұлы 1978 жылы 30 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында дүниеге келген. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде және Ресей Кеден академиясында оқып, «халықаралық экономикалық қатынастар экономисті», «заңгер» және «кеден ісінің маманы» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінде бастады. Инспектор, басшының орынбасары болды.
2010-2011 жылдары - ОҚО Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының лицензиялау бөлімінің бастығы.
2011-2012 жылдары - ОҚО Құрылыс басқармасы бастығының орынбасары.
2012-2013 жылдары – ОҚО бойынша Кедендік бақылау департаменті Контрабандаға қарсы күрес басқармасының басшысы.
2013-2014 жылдары - ОҚО Құрылыс басқармасының басшысы.
2014-2015 жылдары - "Агро-НК-А" ЖШС директорының орынбасары.
2016-2017 жылдары - "Нұр Отан" партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары.
2017-2018 жылдары - ҚР Аауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары.
2018-2020 жылдары - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, кеңесшісі.
2020-2021 жылдары - ҚР ИИДМ Құрылыс және ТКШ істері комитеті төрағасының орынбасары.
2021 жылғы 16 тамыздан бүгінге дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарып келді.