
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2019 жылғы 15 қыркүйекте 19 сағат 08 минутта Алматы облысының Алматы-Отар учаскесінің Ақсеңгір-Шамалған күзетілетін өткелінде №43 "Алматы – Қостанай" Жолаушылар пойызының "Setra" маркалы №456 "Алматы-Қаскелең" рейстік автобусымен соқтығысуы салдарынан болған жол–көлік оқиғасын тергеу бойынша арнайы комиссия құрды, комиссия құрамына Көлік комитеті мен "ҚТЖ "ҰК"АҚ өкілдері кірді.
Комиссия мүшелері оқиға орнына шықты.