ҚАЗАҚСТАНДА ТЕМІРЖОЛ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ САЛАСЫ ҚАЛАЙ ЖАҚСАРАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ТЕМІРЖОЛ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ САЛАСЫ ҚАЛАЙ ЖАҚСАРАДЫ

Жыл сайынғы министрліктің алқа мәжілісінің барысында ҚТЖ "ҰК "АҚ" Корпоративтік және HR мәселелері бойынша басқарма төрағасының орынбасары Серік Әбденов темір жол жолаушылар тасымалдары саласындағы проблемалық мәселелерді шешу барысы туралы есеп берді.

Серік Әбденовтың айтуынша, жасанды түрде билет тапшылығын жасау тәжірибесін тоқтату бойынша шаралар қабылдануда. ҚР Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен бекітілген жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау ережесіне сәйкес билет сату бойынша қызметті жүзеге асыратын тұлғалар тарапынан қиянат жасаудың жолын кесу мақсатында 2019 жылғы 2 тамызда темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдау қызметтерін пайдаланатын жолаушылар жағдайын айтарлықтай жақсартатын өзгерістер енгізілді.

Сонымен қатар, жолаушыларды билетсіз тасымалдау, ресімделмеген багажды бақылау және жолын кесу бойынша тексеру қызметінің жұмысы қайта ұйымдастырылды, сондай-ақ темір жолдардың ІТ жүйесі жетілдірілді. Билеттерді қайта сатып алу мәселесін шешу үшін "Мобиус" жүйесімен орындарды "ұстап" бұғаттау функционалы және күту парағының функционалы қарастырылған. Күту парағының функционалы билет сату жүйесінде орын болмаған жағдайда электрондық кезекке тұруға мүмкіндік береді. Бос орын пайда болған соң, орынды сатып алу қажеттілігі туралы ақпарат клиенттің жеке кабинетіне және оның электрондық поштасына түседі. Клиенттің төлемді жүзеге асыру үшін 2 сағаты болады. Көрсетілген уақыт ішінде төлем болмаған жағдайда, өтінім автоматты түрде жойылады және орын келесі клиентке беріледі. 23.08.2019 ж. жағдай бойынша күту парағы арқылы 42 523 жолаушыға билеттер ресімделді. Жаңалық енгізу халыққа билеттерді "саудагерлік сатып алушыларға" жүгінбей-ақ алуға мүмкіндік беретін оң ілгерілеулер береді.  Бүгін bilet.railways.kz сайтының әкімшілігі жол жүру құжаттарының рұқсат етілмеген саны ресімделген пайдаланушылардың 60-тан астам есептік жазбасын бұғаттады.

"Ағымдағы жылдың қыркүйек айының ортасына қарай топтық тасымалға өтінім беру және ресімдеу үдерісі автоматтандырылады. Ойдан шығарылған тегі бойынша билеттерді ресімдеу мүмкіндігін шектеу және поезға басқаның билеттері бойынша отырғызуды тіркеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Өзгерістер bilet.railways.kz. сайты сервисінің жұмысына қатысты порталдың жаңа нұсқасында пайдаланушылар пойыз жүретін толық бағытты да, жолаушы жолының нақты бөлігін да көре алады. Бұл ретте маршрут станцияға дұрыс жөнелту және келу уақытымен бейнеленеді. Аталған функционал алғаш рет сайттың мобильдік нұсқасында да пайда болды",-деп атап өтті Серік Әбденов.

Сонымен қатар, жолаушылар енді билетті сатып алуда үнемдеуге мүмкіндік алады. Атап айтқанда, клиенттерге қысқа қашықтыққа сапарда төсек-орындардан бас тартуға мүмкіндік беретін жаңа опция енгізілді. Бұл жағдайда оның бағасы билет құнынан шегеріледі.

Сондай-ақ, қалаулы орындарды таңдау сүзгісінің дұрыс істемейтін жұмысының мәселесі шешілді. Сайтта пайдаланушыны тіркеу рәсімі айтарлықтай жеңілдетілді, енді поштаға тіркелуді растауды күтудің қажеті жоқ. Жаңа пошта серверлері қосылды, электрондық пошта жылдамдығы жақсартылды.