АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ЖОЛДАРДЫҢ 218 ШАҚЫРЫМЫ ЖӨНДЕЛЕДІ

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ЖОЛДАРДЫҢ 218 ШАҚЫРЫМЫ ЖӨНДЕЛЕДІ

Бүгінгі таңда республикалық маңызы бар «Көкшетау-Атбасар» автожолының 102-158 км учаскесінде жол жабынының тегістеуші қабатын орнату және жол жиегін нығайту жұмыстары жүргізілуде.

«Көкшетау-Рузаевка», «Макинск-Ақсу-Торғай», «Макинск-Ақсу-Торғай», «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шидерті» автожолының учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстары суық ресайклинг әдісімен жүзеге асырылып жатыр.

Сондай-ақ, жолдағы қауіпсіздікті қамтамсыз ету мақсатында «Петропавловск-Бурабай» автожолының 11 шақырымдық учаскесі мен «Екатеринбург-Алматы» автожолының 14 шақырымдық учаскесінде бағдаршам орнатылады деп жоспарланған.

Сонымен қатар, «Нұр-Сұлтан қаласы айналма жолы», «Екатеринбург-Алматы», «Нұр-Сұлтан-Петропавловск-Бурабай» автожолының учаскелерінде асфальт-бетон жабынын төсеу, жол белгілерін салу, жол жиегін нығайту, жол айырықтарын жарықтандыру және шағын сәулет нысандарын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Мұнымен қоса, Көкшетау қаласы айналма жолының 15-ші шақырымындағы жол өткелі де орташа жөндеуден өтуде. Бұл нысанда жолшылар ауыспалы плиталарды, қоршаулар мен деформациялық жіктерді ауыстыратын болады.

Айта кету керек, барлық учаскелердегі жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес орындалуда. 6 учаскедегі жұмыстар мерзімінен бұрын аяқталған.