ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметкерлерінің бір күндік жалақысын аударуға қатысты ақпарат

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметкерлерінің бір күндік жалақысын аударуға қатысты ақпарат

Мемлекет басшысының денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы проблемалық мәселелерді шешу, сондай-ақ халықтың аз қамтылған әлеуметтік топтарына көмек көрсету үшін «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қор құру бастамасын қолдау мақсатында Министрлік 2022 жылғы 17 қаңтарда ведомствоға бағынысты ұйымдарға №02-09/259-И нөмірлі хатын жолдап, онда қызметкерлердің бір күндік жалақысын "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қорына ерікті түрде аудару мүмкіндігін қарастыруды сұраған болатын.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы бизнес өкілдерімен кездесу барысында аталған Қорға мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерінен бір күндік жалақы жинамауға шақырды.

Осыған байланысты Министрлік ведомствоға қарасты ұйымдарға алдында жіберілген хатты қараусыз қалдыру туралы тиісті хат жолдады.