
Ол тележурналист Жанжігіт Омархан. Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы қызметiн атқарды
Ж.Омархан Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде "Журналистика" және "Құқықтану" мамандықтары бойынша білім алған, сондай-ақ Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығының түлегі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің "Журналистика" мамандығы бойынша магистратурасын тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2009 жылы "Астана" телеарнасында бастады, онда журналист-редактор және бағдарламалар жүргізушісі болып жұмыс істеді.
2011-2015 жылдар аралығында "QAZAQSTAN" ұлттық телеарнасы және "Еуразия - Бірінші арнасында" бағдарламалар мен ток-шоулардың жүргізушісі.
2016 жылы - "Астана" телеарнасының "Өзекті" авторлық бағдарламасының жетекшісі және жүргізушісі.
2018-2019 жылдары – Жамбыл облысының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі.
2019 жылдан 2021 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің баспасөз хатшысы.