
3 қыркүйекке дейін Арыс қаласында 7362 үйдің негізгі қалпына келтіру жұмыстары аяқталды-деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Ауқымды құрылысқа 4 мыңнан астам жұмысшы қатысуда. Қаладағы тұрғын үйді жөндеу жұмыстары 9 секторда толығымен аяқталды, ал қалған 8 секторда жалғасуда.
Негізгі күш жаңа үйлердің құрылысына жұмсалуда. Естеріңізге сала кетейік, Арыс қаласында барлығы 466 тұрғын үй апатты және тозығы жеткен деп танылған болатын, оның 210 сүріліп, жаңадан салынды
Айта кету керек, ең қираған учаске Нұрсұлтан қ. секторына берілді. Мұнда 165 үй жаңадан салынады. Құрылысшылар тұрғын үй қорының барлық нысандарын 20 қыркүйекке дейін тапсыруды жоспарлап отыр.