АҚТӨБЕ-АТЫРАУ АЙНАЛМА ЖОЛЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

АҚТӨБЕ-АТЫРАУ АЙНАЛМА ЖОЛЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Сондай-ақ, жол төсеушілер айналма жолды салу және өсімдік қабатын алу жұмыстарын аяқтады. Осы учаскедегі көпірлерде 5 технологиялық алаң салынды, екі көпір тіректеріне қадалар құйылды, сондай-ақ Кіші Күйген өзені арқылы өтетін көпірде қадаларды құю жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, жол пайдалану учаскесінің құрылысы аясында ғимараттың іргетасын құю жұмыстары орындалды. Қазір мамандар ғимараттың қабырғаларын, 10 бірлік техникаға арналған гараж, операторлық және құм базаларына қалау жұмыстарын жүргізуде.

Нысан құрылысына барлығы 158 адам қатысты, 132 жол-құрылыс техникасы жұмылдырылды. Жыл қорытындысы бойынша автожолдың 20 шақырымында жол қозғалысын ашу жоспарлануда.