
Қаланың тұрғын үй қорын 4 мыңнан астам жұмысшы қалпына келтіруде. Бүгінгі таңда құрылысшылар 215 үйді іргетасынан бастап салып шықты. Барлығы 469 ЖТҚ және КПТҮ объектілері апатты деп танылған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, Арыс қаласында 59 әлеуметтік және 322 бизнес-нысан пайдалануға тапсырылған болатын. Қаладағы құрылыс және жөндеу жұмыстары 20 қыркүйекте аяқталады.
