МЕРЕКЕ ПІШЕМБАЕВ "ҚАЗАҚСТАН ИНЖИНИРИНГ "ҰК" АҚ ҚЫЗМЕТІМЕН ТАНЫСТЫ

МЕРЕКЕ ПІШЕМБАЕВ "ҚАЗАҚСТАН ИНЖИНИРИНГ "ҰК" АҚ ҚЫЗМЕТІМЕН ТАНЫСТЫ

"Қазақстан инжиниринг "ҰК" АҚ арнайы және азаматтық мақсаттағы өнімдер мен қызметтер бойынша өзінің дәстүрлі экспорттық сатысын дамытуды жалғастыруда. Негізінен, бұл РФ, Өзбекстан, Моңғолия, Түркия, Үндістан сияқты көршілес мемлекеттердің нарықтары. Негізгі экспорттық позициялар: торпедоларды жаңғырту ("МЗК" АҚ), жекелеген авиациялық агрегаттар ("Тыныс" АҚ), электрондық-оптикалық аспаптар ("КАЕ" ЖШС), тікұшақтарды жөндеу және ұшқыштарды оқыту ("ЕвроКоптер"ЖШС).

Бұдан басқа, РФ-мен халықаралық ынтымақтастық шеңберінде өндірілген өнімді кейіннен экспорттау үшін ҚР-да жаңа өндірістерді оқшаулау бойынша бірқатар жобалар пысықталуда.