БЕРІК КАМАЛИЕВ СЕУЛДЕГІ ЖАҺАНДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

БЕРІК КАМАЛИЕВ СЕУЛДЕГІ ЖАҺАНДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

"Халықаралық тұрғыдан алғанда, бұл мәселелерді шешу Шығыс пен Батыс арасындағы транзит пен логистиканы дамыту өте маңызды мәселе болып табылады, өйткені Қазақстан Азиядан Еуропаға барлық жердегі бағыттар жолында орналасқан, бұл халықаралық жүк тасымалы үшін кедергілерді жоюға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Берік Камалиев конференцияда сөйлеген сөзінде.

Еуропа мен Азия арасының құрылығындағы негізгі транзитері бола отырып, Қазақстан экономиканың жоғары табысты көзі ретінде транзит үшін базалық инфрақұрылымдық жағдайлар жасады. Мәселен, "Батыс Еуропа–Батыс Қытай" халықаралық транзиттік дәлізі, Жезқазған-Бейнеу темір жолы, Қытаймен шекарада "Қорғас–Шығыс қақпасы" АЭА құрғақ порты салынды, батыста Ақтау теңіз порты жаңғыртылды, сондай-ақ Құрық порты салынды. Бұл инфрақұрылымдық жобалар Қазақстанның көлік дәліздерінің халықаралық желісіне кірігуін жеделдетуге мүмкіндік берді.

Республиканың тәуелсіздік жылдарында алғаш рет ағымдағы жылы Республикалық маңызы бар 4,6 мың км автожолдарда құрылыс жұмыстары және қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Министрлік 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" инфрақұрылымдық дамуының мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуде. Бағдарлама шеңберінде әртүрлі қаржыландыру көздері есебінен 6,8 мың км автожол салу және қайта жаңарту жоспарлануда. Жобалардың шамамен алғандағы құны $7 млрд. теңгені құрайды. Барлық жобалар бойынша дайындық жұмыстары басталды, техникалық құжаттаманың дайын болуына және 2020-2021 жылдары қаражат жұмылдыруға қарай оларды іске асыру басталады.

Сонымен қатар, теміржол инфрақұрылымын дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Мәселен, ағымдағы жылы қазақстандық-қытайлық консорциумдардың қатысуымен МЖӘ схемасы бойынша іске асырылатын Алматы станциясын айналып өтетін ұзындығы 73 км темір жол желісін салу жобасы бойынша инвесторды анықтау жоспарлануда. Жаңа желі Қытай–Орта Азия елдері арасында транзиттік бағытта жүк тасымалдау мерзімін орташа есеппен 2 тәулікке қысқартуға мүмкіндік береді.

Теңіз көлігіне қатысты айтар болсақ, Қазақстан Каспийдегі негізгі жүк құраушы мемлекет болып табылады және Каспий бассейніндегі жүк айналымының жалпы көлеміндегі Ақтау және Құрық теңіз порттарының үлесі шамамен 30%-ды құрайды. Ағымдағы жылы Ақтау–Баку порттары арасындағы контейнерлік тасымалдардың фидер желісі іске қосылды. Ақтау және Құрық порттары арқылы тасымалдардың өсуін қамтамасыз ету үшін 2 паром және 4 фидерлік кемелерді (контейнерлік тасығыштарды) сатып алу көзделген.

Қазақстан Республикасы Чикаго конвенциясына қатысушы ел ретінде әуежайлардың халықаралық азаматтық авиация ұйымы-ИКАО стандарттарына сәйкестігіне ерекше назар аударады.

Қазіргі уақытта 17 халықаралық әуежайдың 16-ы ИКАО санаттары бойынша отырғызу жүйелерімен жабдықталған. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әуежайлары ең жоғары ІІІ-санатына ие.