
Атап айтқанда, автокөлік құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін көлік бақылау қызметкерінің қатысуынсыз автоматты түрде анықтайтын Автоматтандырылған өлшеу станцияларын қолданысқа енгізу жұмыстары жүргізілуде.
ТасымалдаушыларАрнайы автоматтандырылған өлшеу құралынан(бұдан әрі - ААӨҚ) салмақтық және габариттік параметрлерін асыра отырып жүріп өткендігі анықталған жағдайда, автокөлік құралының салмақтық және габариттік параметрлерінің Автоматтандырылған өлшеу станцияларында қайта анықтауға мүмкіндіктері бар.
Бұл ретте, тасымалдаушыларды жол үстінде тоқтатпай жүк тасымалдау мерзімін қысқартуға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Комитеттің қызмет тиімділігін арттыру мақсатында функционалдық талдау жүргізу, бизнес процестреді оңтайландыру арқылы ISO 9001 стандартына қол жеткізу жобасы қолға алынды.
Қазіргі кезде функционалдық талдау жүргізу нәтижесінде Министрліктің, Комитеттің және құрылымдық басқармалардың ережелеріне тиісінше өзгерістер енгізу қолға алынды. Сондай-ақ, әр маманның лауазымдық нұсқаулықтарында жүктелген міндеттері нақты көрсетілетін болады.
Комитетте үлкен көлемді мәліметтерді санаулы уақыттың ішінде өндеуге мүмкіндік беретін BI-жүйелерін енгізужобасы жүзеге асырылып, кейбір салаларда қолданып жатыр.

