
Арыс қаласында 2 қыркүйекке дейін негізгі қалпына келтіру жұмыстары 7338 жеке тұрғын үйлер мен көп қабатты тұрғын үйлерде аяқталды. Әскери полигондағы жарылыстардан барлығы 7634 үй зардап шекті,-деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Рекордтық мерзімде 188 үй қайта салынды, оның 142-де әрлеу жұмыстары жалғасуда.
Бүгінгі таңда қалада 4 мыңнан астам жұмысшы еңбек етуде, олар косметикалық жөндеу жүргізіп, апатты деп танылған және бұзылуға жататын 278 тұрғын үй қорының нысанын тұрғызады.
Айта кету керек, жөндеу жұмыстары Арыстың 9 секторында аяқталды, 8 секторда жаңа үйлердің құрылысы аяқталды.
Сондай-ақ, қалада 59 әлеуметтік нысан, оның ішінде 50 білім беру нысаны тапсырылды.
Естеріңізге сала кетейік, Арыс қаласында тұрғын үй қорын қалпына келтіру 20 қыркүйекке дейін жалғасады.

