
"Мектеп кезеңі - бұл әр адамның өміріндегі ең қызықты кезең. Мектеп Сіздің барлық таланттарыңызды барынша ашуға, жаңа дағдыларды дамытуға көмектеседі. Бүгін, мектеп табалдырығын бірінші рет ең кішкентай оқушылар, бірінші сынып оқушылары аттайды. 317 ұл мен қыздар партаға отырып, өздерінің алғашқы оқулықтарын қолдарына алады, олардың әртүрлі ғылым салаларымен кездесулері және жарқын жаңалықтарға толы білім әлеміне деген қызықты саяхаты басталады. Сондай-ақ, осы оқу жылы 73 түлек үшін де ерекше болмақ, олар да бір кездері мектепке алғаш рет келді, ал қазір ересек өмірдің табалдырығын аттағалы тұр", - деп атап өтті ведомство басшысы өз сөзінде.
Министр бүгінгі күні қарқынды дамып келе жатқан жоғары технологиялар әлемінде әрбір адам өз жан дүниесін үнемі жетілдірілуі тиіс, ол үшін әркім-ақ үнемі жаңа білім мен құзыреттіліктерге ие болуға тиіс екенін атап өтті. Тек қажырлы еңбек, үнемі өзін-өзі дамыту, тынымсыз іздену ғана ХХІ ғасырда тұрақты кәсіби мәртебені қамтамасыз ете алады.
"Мектепте жаңа үміт пен ойлар туындайды. Біреу дәрігер, мұғалім, бағдарламашы, шебер суретші немесе Олимпиада жеңімпазы болуды армандайды. Сіз ойлауға, туындаған мәселелерді өз бетінше шешуге, интеллектуалды және рухани бай тұлға болуға үйренуіңіз керек. Сіздерге оқуға деген құштарлық, әлемді танып білуге деген құмарлық, мақсаттарға жету жолында табандылық тілеймін. Құрметті ұстаздар, сіздердің қажырлы еңбектеріңіз үшін Сіздерге зор ризашылығымды білдіремін", - деп атап өтті Роман Скляр.
Салтанатты жиынға қатысқаннан кейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі "Саналы ұрпақ – жарқын болашақ"атты азаматтық және патриотизм тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында Роман Скляр қазақстандық патриотизмді, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықты тәрбиелеу мәселелеріне баса назар аударды, Қазақстанның соңғы жетістіктері, достық пен толеранттылық, еліміздің әлемдік қоғамдастықтағы рөлі туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, Министрліктің салалық қызметі туралы мұқият баяндап берді.





