ҚАЗАҚСТАН ИСПАНИЯДАҒЫ ТУРИЗМ КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСАДЫ

ҚАЗАҚСТАН ИСПАНИЯДАҒЫ ТУРИЗМ КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСАДЫ

«FITUR» («Ifema. Feria de Madrid» көрме кешені) халықаралық көрмесі Еуропа аумағындағы ірі әлемдік туристік шаралардың бірі болып табылады. Биыл көрмеге әлемнің 165 елінен 9500-ден астам туристік нарықтың нағыз кәсіби мамандары қатысады.

«FITUR» көрмесіндегі Қазақстанның ұлттық стендін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Туризм индустриясы департаментінің ақпараттық қолдауымен "ЭКСПО-2017" АҚ құрады.

Көрмеге қатысу үшін толық мәліметті "ЭКСПО" АҚ-ның өкілі Сәуле Бөлебаеваға bulebayeva@gmail.com электронды адресі бойынша жіберуге болады.